Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Елордалық әйел жамағаты білім сайысында бақ сынады

Елордалық әйел жамағаты білім сайысында бақ сынады

0 74

ҚМДБ Әйел-қыздар секторы Астана қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Ырыскелді қажы» мешітінде дін мен дәстүр бағытында әйел-қыздар арасында «Білімді мыңды жығар» сайысы өтті.

 

Шараға Астана қаласының және «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов, «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Күлсара Бекет, «Muftiyat» баспасының қызметкері Жанел Тәңірбергенқызы, Республикалық Бас мешіт ұстазы Фарида Маратқызы, филология ғылымының кандидаты, «Әзірет Сұлтан» мешітінің жамағаты, ақ жаулықты әже Алдан Алтайқызы және елордалық әйел ұстаздар қауымы мен мешіт жамағаты қатысты.

Қасиетті Құран аяттарымен басталған білім сайысында әйел-қыздар әртүрлі кезеңдерден өтіп, өз командаларымен бірлесе отырып, білімдері мен қырағылықтарын сарапқа салды. Сұрақтар қатысушыларға экран арқылы ұсынылып, өздері таңдаған ұяшықтар бойынша жауап беріп отырды. Сондай-ақ, командалар сайыста өз қолдарымен жасап шыққан қолөнер бұйымдарын көрсетіп, «Дін мен дәстүр» үшінші кітабынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Дініміз бен дәстүрімізді ұштастыратын алуан түрлі сұрақтарға жауап іздеген қыз-келіншектер өздерінің ұйымшылдықтары мен бар өнерлерін паш етті. Әсересе, командалардың өзара ынтымақтастығы мен ұйымшылдығы, бір-біріне деген жанашырлықтары көрермен жұртшылықты тәнті етті.

Сайыс соңында I, II, III орынға ие болған командаларға 50 000 ₸, 30 000 ₸, 20 000 ₸ көлемінде ақшалай сыйақылар беріліп, арнайы алғыс хаттар табысталды.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.