Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Электронды тәспімен тәсбих санау, зікір ету бидғат па?

Электронды тәспімен тәсбих санау, зікір ету бидғат па?

0 171

Сұрақ: Электронды тәспімен (санауышпен) тәсбих санау, зікір ету бидғат па?

 

Жауап: Санау ғибадат емес, әдет. Түйеге міну зәуәид сүннет. Автокөлікке, ұшаққа міну әдет, сүннетке қайшы емес. Осы сияқты механикалық немесе электронды құралдармен тәсбих тарту (санау) бидғат емес. Тек бұл құралдарды адамдардың арасында қолдану назарды тартады. Рияға, фитнаға себеп болуы мүмкін. Осы тұрғыдан қалта ішінде және жалғыз кезде санау керек.

Қалыпты тәспілермен де, электронды тәспілермен де тәсбих санау бидғат емес. Ибн Абидин хазреттері былай деген:

Расулулла бір әйелдің тәсбихтерді дәндермен санағанын көрген, бірақ тиым салмаған. Бұл тәсбихтерді таспен, дәнмен және тәспімен санаудың жаиз екендігін көрсетеді. Дәлелі де осы. Әбу Дауд, Тирмизи, Нәсаи, Ибн Хиббан және Хакимның Саид бин Әби Уаққастан (радиаллаһу анһ) риуаят еткен хадис шәрифте, Расулулла бір әйелдің дәнмен немесе тастармен тәсбих тартқанын көрген кезде тиым салмағанын білдірген. (Рәддул Мухтар)

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) мәселенің негізін білдірген. Мысалы, «Азанды жоғары жерде оқыңдар!» деген. Сол үшін Мұнарада азан айту сүннетке қайшы делінбейді. Тәсбихты құрма сүйектерімен, жиде сүйектерімен немесе тастармен санау сүннетке қайшы емес. Марқұм ұстазымыздың бір естелігі бұны өте жақсы баяндаған:

Мектепте мұғалім болған кезімде сабақта бір оқушы:

– Ұстаз, соғыста өлген мұсылман шәһид бола ма? – деді.

– Иә болады, – дедім.

– Пайғамбар бұны хабарлады ма?

– Иә.

– Теңізде батса да, ұшақтан құласа да, тікұшақтан құлап өлсе де шәһид бола ма?

– Иә, болады.

– Пайғамбарымыз бұны да хабар берді ме?

– Иә, хабар берді.

Оқушы тауып айттым, ұстадым дегендей үнмен:

– Ұстаз, сонда ол кездері ұшақ пен тікұшақ бар ма еді? – деді.

– Пайғамбарымыз Жәмиул кәлим еді. Көп нәрселерді бір сөзбен, бір сөйлеммен білдірді. «Жоғарыдан құлаған адам шәһид болады» деген.

Оқушы:

– Енді түсіндім, – деді.

Демек, аттан құласын, мұнарадан құласын, ұшақтан құласын, биіктен құлап өлетін болса шәһид болады. Ол кездері мұнара және ұшақ жоқ еді делінбейді.

материал  «Намаздан кейінгі таспих» кітабынан алынды,

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.