Жақсылық және ғибадат еткен кезде төрт жерде қорқу керек
Жақсылық және ғибадат еткен кезде төрт жерде қорқу керек
Жақсылық және ғибадат еткен кезде төрт жерде қорқу керек:
Бірінші қорқу: Адам бір жақсылық істеген кезде немесе бір ғибадат істеген кезде, сол жақсылық пен ғибадаттың қабыл етіліп етімегеніне уайымдап, қорқуы керек! Өйткені Құран кәрімде: «Аллаһу та’ала тек муттәқилердің (тақуалардың) амалын қабыл етеді» делінген. (“Маида”, 27)
Екіншісі рия. Ықылассыз амалдардың қадірі жоқ. Жақсылықты тек Алла разылығы үшін жасадым ба, әлде басқа жеке пайдамды ойладым ба, деп қорқуы керек. Тек ықыласпен жасалған ғибадаттың қабыл етілетіндігі Құран кәрімде білдірілген. (“Бәйинә”, 5)
Үшіншісі – жасалған жақсылықтарды, ғибадаттарды зиянға ұшыратпай тапсыра алу қорқуы.
Жамандықтар, күнәлар жақсылыққа зиян береді. Олай болса, жақсылықты, ғибадатты зиянға ұшыратпай орнымен жеткізуге тырысу керек! Құран кәрімде: «Бір жақсылық әкелгенге он есесі беріледі» делінген. (“Әнам”, 160)
Төртіншісі – жасалған жақсылықпен масқара болу қорқынышы. Басқаларға жақсылық болып саналған нәрселер, бәлкім жаман ниетпен жасалған жамандық болуы мүмкін. Жасалған жақсылықтардың зияннан қорғанып сәттілікке ілесіп ілеспейтіндігінен де қорқу керек! Құран кәрімде: «Сәттілігім тек Алланың жәрдемімен ғана» делінген. (“Худ”, 88)
Алла Тағаланың жәрдеміне қауышу үшін Оның әмірлеріне бағынып, тиымдарынан сақтану керек. Жамандық немесе қандай-да бір күнә істегеннен кейін өкіну және жақсылық пен ғибадат етуді жалғастыру керек. Хадис шәрифтерде былай делінген: «Бір күнә істеген кезде дереу артынан бір жақсылық жаса, бір сауап істе оны жойсын!» (Бәйһақи)
«Қайда, қандай жағдайда болсаң да, Алладан қорқ және жамандықтың артынан бір жақсылық жаса – оны жойсын!» (Тирмизи)
Құран кәрімде де былай делінген: «Әлбетте жақсы амалдар күнә мен жаман амалдарды жояды.» (“Худ”, 114)
материал «Намаздан кейінгі таспих» кітабынан алынды,
sunna.kz