Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Күйеуінің ризалығына бөленген әйел

Күйеуінің ризалығына бөленген әйел

0 75

Умму Сәламаның (p.a.) риуаят еткен хадисінде Хазіреті Пайғамбар (с.ғ.с) былай деген: «Қандай да бір әйел, күйеуінің разылығына бөленіп дүние салар болса, жұмаққа кіреді» (Тирмизи, Рида 1161).

Хадиске түсініктеме:

Әйел болсын, еркек болсын әрбір мұсылманның ең үлкен мақсаты Алланың разылығына бөленіп жұмаққа кіру болып табылады. Бізге жүктелген барлық құлшылықты орындау бізді жұмаққа жетелейді. Ал өткінші дүниедегі басымызға түскен қайғы мен қиыншылықтар Алланың құзырына тән, күнәсіз ретінде баруымызға себепші болады. Мұсылман әйелдің жұмаққа кіруіне себепші болатын бірден бір жолы: Алланың әмірін орындап күйеуінің ризалығына бөлену. Әйел заты үшін Алланың әмірін орындағаннан кейін күйеуінің ризалығын табу басты мақсат болу қажет. Яғни, әйел заты үшін Алланың ризалығы секілді күйеуінің разылығы да өте маңызды.

Әбу Умамәдан риуаят етілген хадисте былай делінген: Бір әйел екі баласын ертіп Хазіреті Пайғамбарымыздың алдына барады. Ол бір баласын құшағына алып, екіншісін жетектеп келеді. Мұны көрген Хазіреті Пайғамбар (с.ғ.с) былай дейді: «Әйелдер балаларын қарнында көтеріп жүреді, босанады да оған мейірімін түсіреді. Егер олар күйеуіне бәлекет болып жабыспаса олардың намаз оқығандары жұмаққа кіреді».

Күйеуінің ризалығына бөленіп дүние салған әйел жұмаққа кіреді деген сөзден мынаны түсінуімізге болады: Оларды жұмаққа алғашқы болып кіретіндердің қатарына қоса аламыз. Өйткені күнәһар мүминдер тозаққа кірсе де нәтижеде Ұлы Жаратушының кешірімімен жәннатқа кіреді. Ал күйеуінің ризалығына бөленген әйел азаптанбай-ақ жұмаққа қауышады.

материал «Әйелдер тұрғысында 40 хадис» кітабынан алынды,

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.