Форум жұмысына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз, Өзбестан мүфтиі Усманхан қажы Алимов бастаған біртоп делегация, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібекұлы, мемлекет және қоғам қайраткерлері – Розақұл Халмұрадов, Шалатай Мырзахметов, Мархабат Байғұт, ҚМДБ ғалымдары мен жергілікті 600-ден астам имам қатысты.
Халықаралық форумда сөз бастаған Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы:
Серікбай қажы Ораздың айтуынша, ежелгі Мауреннахрда түркілік мәдениет жаңғырып, рухани ренессанс дәуірін басынан өткерді. Түрік мемлекеттерінің саяси әрі мәдени-дүниетанымдық негізі қалыптасты. Адам санасының құндылық-құбылыстық рухани жаңғыруының көш басында Мауреннахрдан шыққан дін ғұламалары тұрды. Олардың ілімі парасаттылық пен адамгершілік ұстанымдарын қалыптастырды.
Мінберде баяндама жасаған Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Усманхан қажы Алимов түбі бір, діні бір, мәзһабы бір қазақ-өзбек халқының рухани байланысы жаңа деңгейге көтерілгенін айрықша атап өтті.
Форумда сөз алған Розақұл Халмұрадов, Шалатай Мырзахметов, Мархабат Байғұт сынды қоғам қайраткерлері халықаралық жиынның жұмысына сәттілік тілеп, ізгі ниеттерін жеткізді.