Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Жылдық есеп-2024: «Діни оңалту» бойынша 10 854 ықпал ету акциясы жасалды

Жылдық есеп-2024: «Діни оңалту» бойынша 10 854 ықпал ету акциясы жасалды

0 44

Мүфтияттың діни оңалтуға жауапты мамандары 2024 жылы 10 854 жеке ықпал ету акциясын (жеке кездесулерді) жүзеге асырды.

 

Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Данияр Кенжалиннің айтуынша, ҚМДБ қызметкерлері өкілдіктер тарапынан, сондай-ақ теолог ретінде оңалту орталықтары тарапынан 4101 адамды оңалту жұмысымен қамтыды.

«Жыл басында Атырау қаласында «Ислам экстремизмге қарсы» халықаралық конференция өтті. Конференцияда ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, отандық және шетелдік сарапшылар баяндама жасады. Конференцияда еліміз үшін жат түрлі ағымдар мен топтардың теріс пиғылдары мен діни тұрақтылыққа келтірер зияны жеткізілді.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне қарасты 50 мекемеде жүйелі жұмыс қолға алынып, дінді ұстанушы сотталған азаматтармен алдын-алу және оңалту жұмыстары жүзеге асырылды. Мекемелерге «MUFTIYAT» баспасынан шыққан 1400 данадан аса жаңа әдебиеттер жеткізілді» дейді Данияр Айтбайұлы.

Сондай-ақ «Мұнара» газетінің «Шырмауық» айдарында жат діни ағым және жамағаттардың идеологияларына қарсы 20-ға жуық мақала жарияланса,  muftyat.kz сайтындағы «Діни сенім» айдарында 10 мақала жарық көрді.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.