Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Пайғамбар (с.ғ.с) сияқты бірінші ақысын қайтар да, ынсапқа шақыр

Пайғамбар (с.ғ.с) сияқты бірінші ақысын қайтар да, ынсапқа шақыр

0 49

Пайғамбарымызда (с.ғ.с) бір бәдәуидің қарызы бар еді. Бірде ол қарызын уақытынан бұрын сұрап келеді. Ақысын талап етіп тұрып, Пайғамбарымызға (с.ғ.с) ауыр сөздер айтып қалады.

 

Сахабалар:

– Кіммен сөйлесіп тұрғаныңды білесің бе? – дейді ашуланып. Ол:

– Мен ақымды сұрап тұрмын! – дейді.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Хаула бинт Қайсқа адам жіберіп, одан қарыз алып әлгі бәдәуидің қарызын қайтарады да былай дейді:

– Әлсіз өз ақысын қиналмай алмайынша, қоғам ілгері баспайды.

Қажеті бар адам қаттылау болады. Ол ашулануы мүмкін, ұрсуы мүмкін, боқтауы да мүмкін. Бірақ оның ақысы бар екендігін ұмытпау керек. Оның бұл әрекеті оның ақысын өтемей, бермей қоюға апармайды. Ақысы желінген адам өзін ұстай алмай, шекарадан шығып кете береді. Бірақ ол кезде оларға ештеңе айтуға болмайды.

Ондай сәтте Пайғамбарымыз (с.ғ.с) сияқты бірінші ақысын қайтар да, сосын ынсапқа шақыр…

материал Аслан Орақбаевтың «Компас» кітабынан алынды,

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.