Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Әйел жамағатына отбасы құндылықтары насихатталды (фото)

Әйел жамағатына отбасы құндылықтары насихатталды (фото)

0 49

Бүгін «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде отбасындағы ізгілікті жаңғырту мақсатында шара өткізілді.

ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы 2025 жылды діни қызмет аясында «Ислам және отбасы құндылығы» жылы деп жариялаған болатын.

Ізгі шара әдеттегідей мешіттің бас имамы Руслан Нақыпбекұлының отбасы құндылықтары тақырыбы аясындағы көркем насихатымен басталды. Әйел адамның дін мен дәстүрдегі, отбасындағы мәртебесінің Құран аяттары мен хадистердегі көрінісін тілге тиек етті.

Шараға мешіттің әйел жамағаты мен ұстаздар қауымы, атап айтқанда Астана қаласы бойынша әйел-қыздар секторының меңгерушісі Бекет Күлсара мен «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің ұстазы Айгүл Көксеген қатысып, исламдағы бақытты отбасының үлгілерімен таныстырып, ана мен қыздың, ене мен келіннің арасындағы көркем байланысты нығайтудың жолдарын атап өтті.

Шара соңында мешіттің бас имамы Руслан Нақыпбекұлы мешіт жанынан құрылған «Аналар мектебінің» құрметті мүшелеріне мешітіміздің қадірменді жамағаты болғаны үшін, мешіт жамағаты ретінде рухани, мәдени ізгі шараларға атсалысып, белсенділік танытқаны үшін алғыс білдіріп, сый-сияпат жасады.

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.