Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Ең ірі желатин өндірісі сертификатталуда

Ең ірі желатин өндірісі сертификатталуда

0 167

Қазақстан мұсылмандары діни бақарамасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау мекемесінің директоры Айбек Асқарбекұлы Тәжікстандағы ең ірі желатин өндіруші кәсіпорын басшылығымен келіссөздер жүргізді.


Сондай-ақ кездесуге Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Елшілігінің Бірінші хатшысы, Сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелер бойынша кеңесші Мұхтар Ғалиұлы Сүйіншәлиев арнайы қатысты.

Тараптар кәсіпорын аумағында алғашқы аудит жұмыстары жүргізіліп, желатин өндірісімен танысты. Сондай-ақ, желатин өндірісіндегі шикізат көздері, технологиялық талаптар және өнімнің халал стандарттарына сәйкестігі туралы талқылады. Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы халал өнімдерін сертификаттау және экспорттау, екіжақты ынтымақтастықты нығайту жолдарын қарастырды.

Кәсіпорын өкілдері халал талаптарына сай жұмыс жүргізуге мүдделі екендіктерін білдіріп, «Халал Даму» мекемесімен серіктестік орнатуға қызығушылық танытты. Өз кезегінде Айбек Асқарбекұлы Қазақстандағы халал индустриясының даму деңгейі, сертификаттау талаптары және халал стандарттарының маңыздылығы туралы ақпарат берді.

Келіссөздер нәтижесінде екі тарап бірлескен жұмыс жүргізу және Тәжікстанда өндірілетін халал желатинді Қазақстан нарығына шығару мүмкіндіктерін қарастыру жөнінде уағдаласты.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.