Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Мешіт шәкірттері арасында Құран сайысы өтті (фото)

Мешіт шәкірттері арасында Құран сайысы өтті (фото)

0 405

Бүгін «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде шәкірттер арасында «Құранды көркем оқу» және «Духа», «Нәс» сүресі аралығында Құранды жатқа оқу» аталымдары бойынша Құран сайысы өтті.

Екі аталым бойынша өзара бақ сынасқан шәкірттер Алланың кәләмін көркем және жатқа оқуда бірінен бірі асып түсіп, Құранды махражына келтіре оқыған жастардың ішінен дода жеңімпаздарын анықтау оңай болмады.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) «Құран оқыңдар! Ол қиямет  күні иесіне шапағат етеді» және «Құранды шебер оқуға машықтанған жан Құранды жазуға тағайындалған мәртебелі періштелермен бірге болады» деген өсиетіне амал еткен 30 шәкірттің арасынан үздіктері анықталып, марапатталды.

Қасиетті Құран сайысынан оқ бойы озық шыққан жеңімпаздарға мешіт атынан арнайы диплом мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.