Мешіт кілемдеріне тазалық жұмыстары жасалды (фото)
Мешіт кілемдеріне тазалық жұмыстары жасалды (фото)
Тазалық асыл дініміз Исламдағы басты шарттардың бірі ретінде қарастырылған. Алла елшісі (с.ғ.с): «Дін – бұл тазалық», – деп өз үмметіне айтып кеткен.
Ислам мәдениетінде жай тазалық пен құлшылық мақсатындағы тазалық бір-бірін толықтырып тұрады. Бүгін «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің кілімдерін жуу (химчистка) және тазалау жұмыстары жүргізілді. Мешіт жанашырларының және жамағаттың ұйымдастыруымен қолға алынған іс-шараға белгілі тазалық жасау компаниясы атсалысты.
Мешіт – Жаратушы Алланың үйі. Құлшылық һәм қоғамдық орын. Мешітте жамағатпен құлшылық жасау – аса сауапты іс. Мешіт – Жаратушы мен сүйікті құлдарын тығыз байланыстыратын мекені. Жамағат – мешіттің әшекейі десек, сүйікті жамағатын асыға күтетін мешіт ұжымы Алла Елшісінің «Тазалық – иманның жартысы» деген өсиетін әрдайым ұстанады.
sunna.kz