Республикалық Құран байқауының жеңімпаздары анықталды
Республикалық Құран байқауының жеңімпаздары анықталды
Бүгін Шымкент қаласында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қатысуымен Құранды жатқа оқудан қыздар арасындағы IV республикалық байқаудың марапаттау рәсімі өтті.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен өткен байқаудың марапаттау рәсімінде Бас мүфти жеңімпаз қариларға, олардың ұстаздары мен ата-аналарына шынайы ризашылығын білдірді. Сонымен қатар, байқауға қазылық еткен қари-ұстаздарға да алғыс айтып, демеушілік көрсеткен азаматтарды ҚМДБ атынан алғыс хатпен марапаттады.
«Аллаға сансыз шүкірлер болсын, бүгінде елімізде Құран жаттаушылардың қатары жыл сайын артып келеді. Бұрындары бірнеше пара жаттаған жанға ерекше құрмет көрсетілсе, қазір тұтас Құранды жаттап, тіпті ижаза алған қариларымыздың саны күн санап артуда. Бұрындары ижаза алу үшін шет елдерге барып, үлкен қажыр-қайрат жұмсау керек болса, бүгінде өз елімізде отырып-ақ сол дәрежеге жетуге жағдай жасалды. Бұл – Алланың ерекше нығметі, ел тәуелсіздігінің, тыныштығы мен тұрақтылығының жемісі!» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
Байқау жеңімпаздары ҚМДБ Төрағасы атынан алғыс хат пен арнайы қаржылай сыйлыққа ие болды.
Қазылар алқасының шешімімен 4 аталым бойынша жеңіс тұғырынан көрінген қарилардың тізімі төмендегідей:
Толық Құранды жатқа оқудан (30 пара бойынша):
1-орын Абдилазиз Ханифа (Түркістан облысы) 2 000 000 тг
2-орын Омарбекова Аружан (Алматы облысы) 1 700 000 тг
3 -орын Тұрғанбек Алтынай (Шымкент қаласы) 1 500 000 тг
20 пара бойынша:
1-орын Тлеуова Ырысайханым (Алматы қаласы) 1 400 000 тг
2-орын Сейткасымова Жанель (Астана қаласы) 1 000 000 тг
3-орын Рискидинова Сумая (Жетісу облысы) 800 000 тг
10 пара бойынша:
1-орын Құрал Назерке (Астана қаласы) 800 000 тг
2-орын Эминтаева Мұқаддас (Шымкент қаласы) 600 000 тг
3-орын Абдирахманова Муслима (Түркістан облысы) 500 000 тг
5 пара бойынша:
1-орын Иминова Саджида (Алматы қаласы) 600 000 тг
2-орын Қожағұл Әсел (ШҚО) 500 000 тг
3-орын Есіркеп Аружан (Жетісу облысы) 400 000 тг