Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Миссия өкілдері қажылардың алғашқы легін күтіп алды (фото)

Миссия өкілдері қажылардың алғашқы легін күтіп алды (фото)

0 67

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Қажылық миссиясы Мәдина қаласындағы халықаралық әуежайдан 166 отандасымызды күтіп алды.


Шымкент қаласында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы шығарып салған қажылар Мәдина қаласына аман-есен жетті. Қажылық миссиясының төрағасы Кенжетай Байкемелұлы, Бас мүфти кеңесшісі Бижігіт Нұржігітұлы мен Қажылық бөлімінің меңгерушісі Жәнділлә Бекжігітов және миссияның бас дәрігері Қайрат Бегенов қажыларды қарсы алып, қажетті кеңестерімен бөлісті.

Шымкент-Мәдина бағыты бойынша тікелей рейспен жеткен отандастарымыз Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған мүфтият қызметкерлеріне алғысын жеткізді.

Айта кетсек, кеше Мәдина қаласында өз жұмысын бастаған Қажылық миссиясы жерлестеріміздің жай-күйімен танысты.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.