Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Түркияның «Хасеки» институтына қабылдау емтиханы өтті

Түркияның «Хасеки» институтына қабылдау емтиханы өтті

0 53

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Түркия Дін істері басқармасы арасындағы өзара әріптестік келісім аясында Алматы қаласында 2025–2026 оқу жылына арналған Түркияның «Хасеки» жоғары діни оқу орнына қабылдау емтиханы өтті.


Биылғы қабылдау емтиханын өткізу үшін Түркия Республикасынан Дін істер басқармасының Шетелдік білім және кеңес беру бөлімінің басшысы Дурсун Әли Жошкун мен Диянет Академиясының мамандандыру және кәсіби білім беру бөлімінің басшысы Ешреф Гөргүлү келді.

Алматыда өткен жиын алдында ҚМДБ Діни білім және кадр дайындау бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұлов шетелден келген қонақтарға ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің сәлемін жеткізіп, екіжақты байланыс негізінде жүзеге асып жатқан игі бастаманың маңыздылығын атап өтті.

Биыл елімізден Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің 2025 жылдың 13 озық бітіруші студенті және өңірлерде жұмыс істеп жатқан білікті 20 діни қызметкер емтиханға қатысты. Емтихан қорытындысы бойынша оқуға қабылданған талапкерлер Түркияның беделді діни оқу орнында білімдерін жалғастырып, кәсіби біліктіліктерін арттыру мүмкіндігіне ие болады.





Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.