Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас мүфти Түркиядағы «Хасеки» институтына қабылданған шәкірттермен кездесті

Бас мүфти Түркиядағы «Хасеки» институтына қабылданған шәкірттермен кездесті

0 61

Бүгін Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркиядағы «Хасеки» жоғары діни оқу орнына қабылданған шәкірттермен кездесті.


– Екіжақты келісім аясында Түркия Республикасындағы «Хасеки» институтында 2013 жылдан бері студенттеріміз білім алуда. Мұндағы оқу шығындары толықтай Түркия тарапынан өтеледі. Аталған оқу орнына Қазақстан тарапынан 2013-2025 жылдар аралығында 243 студент қабылданып, олардың 139-ы оқуын аяқтап елге оралды. Олар бүгінде Діни басқарма жүйесінде қызмет атқаруда. Қазіргі таңда 49 студент аталмыш оқу орнында білім алуда, – деді Бас мүфти.

Айта кетейік, биыл елімізден Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің 13 үздік түлегі және өңірлерде қызмет етіп жүрген 20 тәжірибелі дін қызметкері осы оқу орнының қабылдау емтиханына қатысты. Емтихан нәтижесінде оқуға түскен талапкерлер Түркияның беделді діни білім ордасында оқуын жалғастырып, кәсіби біліктілігін арттыру мүмкіндігіне ие болды.













Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.