Шариғат құптағанға бұйыратын, бірақ оны өзі істемейтін адам
Шариғат құптағанға бұйыратын, бірақ оны өзі істемейтін адам
Усама ибн Зәйдтен (Алла әкесі екеуіне разы болсын). Оған: «Османның алдына кіріп, онымен сөйлеспейсің бе?» – делінгенде, ол: «Сендер мен онымен өздеріңе естіртіп сөйлеседі деп ойлайсыңдар ма? Аллаен ант етейін, негізінде, мен онымен арамыздағы іс жайында сөйлескенмін. Бірақ мен өзім оны жария еткендердің алғашқысы болуды
ұнатпайтын істі жария етпедім. Сондай-ақ өзім Алла елшісінен (с.а.с.) естіген сөзден кейін, маған басшы болатын ешкімді «ол – адамдардың ең жақсысы» деп те айтпаймын.
Мен оның: «Қиямет күні бір кісі әкелініп, тозақ отына лақтырылады. (Тозақта) оның ішектері ақтарылып, сонымен диірмен тасын айналған есектей айналып жүреді. Сол кезде тозақтағылар оның қасына жиналып: «Ей, пәленше! Саған не болды? Сен құпталғанға бұйырып, теріске шығарылғаннан қайтармайтын ба едің?» – дейді.
Сонда ол: «Иә, мен құпталғанға бұйыратынмын, бірақ оны өзім істемейтінмін және теріске шығарылғаннан қайтаратынмын, бірақ оны өзім істейтінмін», – деп айтады», – дегенін естідім», – деген (2989/51).
материал «Муслимнің сахих хадистер жинағы» кітабынан алынды,
sunna.kz