Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

ҚМДБ Төрағасы Анкара қаласындағы «Қажы Байрам Вели» кесенесіне зиярат жасады

ҚМДБ Төрағасы Анкара қаласындағы «Қажы Байрам Вели» кесенесіне зиярат жасады

0 54

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркия Дін істері басқармасының арнайы шақыруымен Анкара қаласына ресми сапармен барды.


Игі сапардың алғашқы күнінде Бас мүфти бастаған делегация Анкара төрінде орналасқан әйгілі Қажы Байрам Вели кесенесіне зиярат жасап, құран бағыштап, дұға жасады.

Айта кетейік, Қажы Байрам Вели — XIV-XV ғасырларда өмір сүрген әйгілі түрік сопысы, ақын, әрі Байрамия тариқатының негізін қалаушы. Ол рухани жолда Шейх Хамидуддин Аксарайи (Сомунджу Баба) ұстазынан тәлім алған. Ал Сомунджу Баба — түркі даласында кең тараған Ахмет Ясауи ілімінің жалғастырушысы. Осылайша, Қажы Байрам Велидің діни-рухани тегі Ясауи жолымен сабақтасып жатыр. Қабірі Анкара қаласының дәл ортасында орналасқан бұл тарихи мекен – бүгінгі күнге дейін Түркия мұсылмандары зиярат ететін рухани ордалардың бірі.

Ауқымды жиын ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) 1500 жылдығына орай ұйымдастырылды.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.