Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

ҚМДБ қызметкерлері сенат аппараты басшысының алғыс хатымен марапатталды

ҚМДБ қызметкерлері сенат аппараты басшысының алғыс хатымен марапатталды

0 167

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі аясында Съезд жұмысына белсене қатысып, лиазон-офицер міндетін абыроймен атқарғаны үшін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппаратының басшысы Максим Споткайдың алғыс хатымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бірқатар қызметкерлері мен елорда мешіттерінің имамдары марапатталды.


Сенат Аппарат басшысы дін қызметкерлерінің еліміздегі дінаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықты нығайтуға қосып келе жатқан үлесін атап өтті.

Өз кезегінде марапат иелері бұл құрметті барша дін қызметкерлеріне көрсетілген сенім мен қолдаудың белгісі ретінде қабылдап, рухани татулықты күшейту мен ел бірлігін нығайту жолында аянбай еңбек ете беретіндерін жеткізді.





Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.