Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Қос мешітке жаңа қызметтік автокөлік табысталды

Қос мешітке жаңа қызметтік автокөлік табысталды

0 63

ҚМДБ-ның 35 жылдық мерейтойына орай дін жанашырлары мен кәсіпкерлер Темір аудандық «Досжан ишан» мешіті және Ойыл аудандық мешітіне екі жаңа қызметтік автокөлік уақып етті.


Аталған көліктердің кілтін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Ақтөбе облысына жасаған жұмыс сапары барысында облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде салтанатты түрде табыстады.

Асыл дінімізде қайырымдылықтың ең абзалы – уақып. Шариғатта «уақып» белгілі бір мүлікті жарамсыз болғанға дейін Алла жолында тұрақты түрде пайдалану мақсатында арнау дегенді білдіреді.

Сонымен қатар, ҚМДБ Төрағасы Ойыл аудандық мешітіне қызметтік көлік сыйлауда демеушілік көрсеткен ЖШС «Анвар» сауда орталығының Бас директоры, облыстық мәслихат депутаты Талғат Маратұлына, сондай-ақ Шалқар ауданында 12 балалы отбасыға баспана алып беріп, Темір аудандық «Досжан ишан» мешітіне көлік уақып еткен «Гарант Строй» ЖШС Бас директоры Серғазы Төреғалиұлына алғыс айтып, екеуін де ҚМДБ-ның арнайы алғыс хатымен марапаттады.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.