Астанада «Үздік имам» І республикалық интеллектуалды білім сайысы өтеді
Астанада «Үздік имам» І республикалық интеллектуалды білім сайысы өтеді
2025 жылдың 3 желтоқсанында Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Үздік имам» І республикалық интеллектуалды білім сайысы өтеді.
Республикалық деңгейде алғаш рет ұйымдастырылып отырған байқауға еліміздің ірі қалалары мен облыстарынан іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен 20 имам қатысады. Қатысушылар діни білім деңгейі, уағыз айту шеберлігі, жамағатпен жұмыс жүргізу дағдылары, сондай-ақ дін мен дәстүр сабақтастығын насихаттау бағыттары бойынша сайысқа түседі.
Шараның мақсаты – дін қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру, рухани құндылықтарды кеңінен насихаттау және қоғамдағы бірлік пен тұрақтылықты нығайту.
дереккөз: muftyat.kz