Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Наиб мүфти жаңа мешіттің ашылуына қатысты

0 1  681

 Оңтүстік Қазақстан олысы, Сарыағаш ауданы, Шымырбай ауылында «Шымырбай ата» мешітінің қайта жағарған келбетінің ашылу салтанаты болып өтті.

 Салтанатты шараға  ҚМДБ-ның төрағасының орынбасары, наиб мүфти «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Серікбай қажы Ораз, ҚМДБ шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісінің орынбасары Сансызбай Құрбанұлы, ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбек және бірқатар зиялы өкілдері мен ауыл тұрғындары қатысты.

    Дәстүрге сәйкес салтанатты шара қасиетті Құран Кәрім тиләует етумен басталды. Оны наиб мүфти Серіктай қажы Сатыбалдыұлы оқып, бата берді. Сондай-ақ,  ҚМДБ-ның төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің құттықтау сәлемін жеткізіп, ғибадат үйінің кітапханасына қасиетті Құран Кәрім хадия етті.

 Осыдан кейін, құттықтау сөзге ҚМДБ шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісінің орынбасары С.Құрбанұлы, өкіл имамы А.Керімбек  т.б. ел ағалары құттықтау сөздерін арнап, алғыстарын білдірді. Осындай зәулім мешітті  салған Әскер Айтбайұлына Алла разы болсын. Ол кісіге елі шапан жауап, астына ат мінгізіп құрмет көрсетті.

Жалпы, қайта күрделі жаңғыртудан кейінгі көрінісі көз сүйсіндіреді. Мешітке бір мезгілде 500 жамағат намаз оқи алады. Мешіт екі қабаттан тұрады. Мешіт ауласында діни сауат ашу курсының ғимараты салынған. Онда асхана, кітапхана, қызметкерлер бөлмесі және 30 шәкіртке арналған жатақхана мен сынып бөлмелері орналасқан.  Сондай-ақ, мешіт жанынан жабық футбол алаңшасы орын тепкен. Мұнымен қатар, ұстаздарға арнап отбасымен тұратын арнайы бөлмелер салынған.

Жоспар бойынша осы мешіт жанындағы діни сауат ашу курсына арналған ғимарат ҚМДБ-на қарасты «Сарыағаш» медресе-колледжінің дайындық орталығы болады.

Мұнымен қатар, жаз мезгілдерде шәкірттерге ынта-жігерлерін арттыру мақсатында мешіт ауласында заман талабына сай су вассейніне орын берілген. Бір сөзбен айтқанда барлық заман талабына сай етіп жасалған екен.

   Салтанатты шара соңында  жұртшылыққа арнайы дастархан жайылып, ас берілді. Халық осындай игі бастама өзгелерге де үлгі болсын деген ниетпен тарасты. Мешіт құтты болып, жамағаты көп болсын!

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.