Биыл «Құрбан айт» мерекесін тойлау 1 қыркүйекте басталып, 3 күнге созылады. 1 қыркүйекте сағат 07.00-де елорданың 8 мешітінде мерекелік «Айт намазы» оқылады. 3 қыркүйекке дейін құрбандық шалу өтеді. Астанада құрбандық шалуда мал союға арналған белгіленген негізгі орындар анықталды.
Құрбан айт кезінде мал союға рұқсат берілген орындар:
1. «Нұрбереке-555» ЖШС, Алаш, 30 тас жолы («Көк Базар» базар жақта);
Ол жерге келесі қоғамдық көліктермен жете алады: № 11, 34, 38, 41, 53, 58, 120, 127;
2. «Метро» СҮ (Астана-Қарағанды тас жолы);
Ол жерге келесі қоғамдық көлікпен жетуге болады: № 71;
3. «Шаушен» ШҚ, «Астана-Павлодар» тас жолы 9 шақырым;
Ол жерге келесі қоғамдық көлікпен жетуге болады:№ 307;
4. «Мақсат 2007» ЖШС, «Железнодорожный» ТМ, ул. Ақжар, 20;
Ол жерге келесі қоғамдық көліктермен жете алады: № 15,22;
5. «Ұлжан» әмбебап базары, (бұрынғы «Саянұр» базары), Тілендиев көшесі, 24;
Ол жерге келесі қоғамдық көліктермен жете алады:№ 4, 71, 81;
6. «Темеш» ШҚ, Астана-Софиевка тас жолы 7 шақырым;
Ол жерге келесі қоғамдық көлікпен жетуге болады: № 307;
7. «Мамырханов» ЖК, «Өндіріс-1» ЖМ;
Ол жерге келесі қоғамдық көлікпен жетуге болады: № 24;
8. Есжанова А. ЖК, «Жайлау», «Алаш» тас жолы, Ц313 көшесі;
Ол жерге келесі қоғамдық көліктермен жетуге болады: № 7, 34, 38, 39, 41, 120, 127;
9. «Алтын-Таға» базары, Қосшы кентінің маңында;
Ол жерге келесі қоғамдық көліктермен жетуге болады:№ 308, 309;
10. «Сапа Су» ЖШС, Қосшы кенті, 4340 ү., Қосшы кентінің маңында.
Сонымен бірге, 28-29 тамызда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қалалық филиалы «Нұр Астана» орталық мешітінде шариғат бойынша құрбандық шалудыға арналған қасапшылар үшін екі күндік оқыту семинары өтеді.
Семинарға кез-келген адам қатыса алады. Өзіңмен бірге жеке куәлік пен санитарлық кітапшаны әкелу қажет. Семинардың басталуы сағат 09.00-де, мекенжай: Астана қ. Қабанбай батыр даңғылы 36.