Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Ермекбаев: «Қақтығыстардың орын алуының бірден-бір себебі – сенімнің жоқтығы»

0 2  077

Қазіргі уақытта әлемде түрлі қақтығыстар орын алуда. Олардың пайда болына сенімнің жоқтығы себеп. Бұл туралы «Мәдениет арқылы бейбітшілікке қол жеткізу» халықаралық қауымдастығы ұйымдастырған «Рухани жаңғыру – береке-бірлік жолы» халықаралық конференциясында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев мәлімдеді. 

Халықаралық конференция  ғылым және мәдениет саласының өкілдері, дін көшбасшылары мен әртүрлі елдердің мемлекеттік қайраткерлері  өз ойларын ортаға салатын ашық диалог алаңына айналды.   Қатысушылар әлемдік қоғамдастықтың қазіргі заманғы проблемалары мен әлемдік қауымдастықтың заманауи қауіп-қатерлерін рухани жаңғыру жолы арқылы салмақты түрде шешу мәселелерін талқылады.

Конференция барысында сөз сөйлеген Нұрлан Ермекбаев қазіргі күні жаһанда көптеген қақтығыстардың орын алып отырғанын атап өтті. Министрдің айтуынша түрлі жанжалдардың орын алуына қоғамда сенімнің болмауы себеп.  Сенім бұл салиқали ұғым.  Кез-келген ұлттың мәдениетіне,  ғылымына және халықтың рухани қажеттіліктеріне  құрмет  көрсетілетін  жерде ғана сенім пайда болады. Бұл үшін интеллектуалдық және зияткерлік ортаны  интеграциялық үдерістерге тарту үшін жаңа практикалық шаралар қажет. Сондықтан министр жыл сайынғы конференцияны өткізу осы міндетті шешу үшін тиімді алаң болатынын атап өтті.

Конференция аясында Еуразия халықтары Ассамблеясының кеңейтілген отырысы өтті. Еуразия халықтарының Ассамблеясы – еуразиялық интеграция идеяларын дамыту тұрғысында халықтық дипломатияның құралына айналған Мәскеуде құрылған халықаралық қоғамдық қозғалыс болып табылады.

«Көптеген саясаткерлер Қазақстан Президентін еуразияшылдықтың идеологы деп атайды.  Мемлекет басшысының  «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілген бағдарламалар, міндеттер мен жобалар, оның ішінде еуразиялық ынтымақтастық саласындағы бастамалар  өзекті болып табылады. Бұл ретте, «Қазіргі жаһандық әлемдегі қазақстандық мәдениет» бағдарламасы айрықша маңызға ие…  «Туған-Жер» бағдарламасы   Ассамблеяның қызметіне де оң әсерін тигізеді.  Бағдарлама патриоттық тәрбие мен азаматтық белсенділікті дамытуға бағытталған » – деді Нұрлан Ермекбаев.

Министрдің  айтуынша, Ассамблея тарапы  үкіметтік емес ұйымдардың жұмысына қызығыушылық танытуы керек.  Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі «Туған жер» бағдарламасының  аясында «Атамекен» атауымен біріктірілген іс-шараларының орындалуына жауапты. Осыған байланысты Нұрлан Ермекбаев Еуразия халықтары ассамблеясының қатысушыларын біздің жобаларымызға қызығушылық танытып, бірлесе жұмыс істеуге шақырды.

Естеріңізге сала кетейік,  аталған халықаралық шара Қазақстандағы рухани келісім күні мерекесі аясында өткізіліп отыр. Конференцияға танымал мәдениет және ғылым қайраткерлері – Олжас Сүлейменов, Иосиф Кобзон, Төлеген Мұхамеджанов, Валерия Порохова, сондай-ақ діни бірлестіктердің басшылары мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

  kazislam.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.