Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

ҚМДБ-НЫҢ АСТАНА ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ӨКІЛ ИМАМЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

0 2  181

Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бұйрығымен Асқар Мұқанов Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Астана қаласы бойынша өкіл имамы болып бекітілді.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Республикалық ислам діни бірлестігінің Астана қаласы бойынша өкілінің міндеті «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Мұқанов Асқар Әбітайұлына жүктелсін», – делінген ҚМДБ төрағасы Серікбай қажы Сатыбалдыұлының ресми бұйрығында.

Мұқанов Асқар Әбітайұлы 1984 жылы туған.

2005-2013 жылдар аралығында Египет Араб Республикасының әл-Азһар ислам университетінде Шариғаттану мамандығы бойынша бакалаврды тәмамдады.

2014-2016 жылдары «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінің исламтану мамандығы бойынша магистратурасын тәмамдады.

Қызмет жолын 2010 жылы Алматы облысы, Қарасай ауданы, Үшқоңыр медресесінде ұстаз болып бастады. 2013-2015 жылдары Алматы қаласы, Бостандық ауданы, «Орбита» мешітінде наиб имам қызметін атқарды. 2015 жылдың қарашасынан бастап Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде наиб имам қызметін атқарды.

2017 жылдың мамыр айынан бастап «Әлжан ана» мешітінің Бас имамы қызметін атқарды.

2017 жылдың қазан айынан «Әлжан ана» мешітінің жанынан ашылған «Имамдардың білімін жетілдіру және кәсіби қайта даярлау» Республикалық орталығының директоры қызметіне кірісті.

2017 жылдың желтоқсан айынан бастап ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілі, орталық «Нұр Астана» мешітінің Бас имамы қызметіне тағайындалды.

 www.muftyat.kz  

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.