Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

XX ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚТАР ҚАНДАЙ БОЛҒАН…

0 3  358

Атырауда «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында жарық көрген «ХХ ғасырдың 20-жылдарындағы Каспий маңы қазақтарының мәдениеті мен тұрмысы фотоқұжаттарда» альбомы кітапханаға тапсырылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. «Альбомда Ресей ғылым академиясы архивінің Санкт-Петербургтегі бөлімшесінде табылған 200-ден астам бірегей архивтік суреттер жинақталған. 

Бұл суреттерді профессор С. Руденконың жетекшілігімен 1926 жылы Одақтық және автономиялық республикаларды зерттеу жөніндегі арнайы комитеттің антропологиялық бөлімшесі Адаев уезінде жүргізген далалық зерттеулер экспедициясы кезінде жасалған», – деді альбом жинақтаушылардың бірі, облыстық тарихи ескерткіштерді қорғау инспекциясының басшысы Мұхамбетқали Қипиев.


Альбомда фотосуреттер бірнеше бөлім бойынша жүйеленген, олар шаруашылық қызмет, кәсіпшілік, қолданбалы өнер, көшпенділердің күнделікті өмір мен тұрғын үйлері, ұлттық ойындардан сыр шертеді.

500 дана таралыммен шығарылған альбом өңірдегі барлық кітапханаларға таратылмақ. 

kazinform.kz 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.