Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Астанада “Еуразия мұсылман ғұламаларының форумы” басталды

0 10  483

Бүгін Астанада Еуропа мен Орталық Азияның 21 елінен келген 35-тен аса делегат, атап айтар болсақ, Бас мүфтилері, діни қайраткерлері, ислами бағыттағы ұйымдар мен одақтардың жетекшілері мен еліміздің зиялы қауым өкілдері, жазушылар, теолог-ғалымдар, облыс имамдарының басын қосқан Еуразия мұсылман ғұламаларының форумы басталды. Сондай-ақ, халықаралық форумға Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз, Сенат және мәжіліс депутаттары қатысты.

Жиын басталмас бұрын Қасиетті құран оқылды. Алқалы жиынды ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қасымжомарт Тоқаев ашты. Алғаш рет ұйымдастырылып отырған халықаралық форумның көтерер жүгі де ауыр. Форумның негізгі мақсаты – бүгінгі мұсылман үмбетінің діни экстремизм мен терроризмге қарсы имммунитетін арттыру, Еуразия елдерінің ортақ пәтуалар базасын қалыптастыру, әлемдік діни келісім мен татулықтың қазақстандық моделін насихаттау, ортаазиялық тарихи діни мектептің рөліне баса назар аудару болып отыр.  Халықаралық басқосудың соңында «Бүгінгі мұсылманның келбеті» құжаты қабылданып, форумға қатысушылардың Қарары жарияланады.

«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі

forum 5

forum 13

forum 1

forum 2

forum 11

forum 11

forum 15

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.