Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫНДА ДӘРІС ОҚЫЛДЫ

0 11  268

Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде әйелдер жамағатының қатысуымен «әйелдерге арналған қырық хадис» атты кітабынан арнайы дәріс өтті. Дәрісті әйелдер жамағатының ұстазы Әлия Аусағатова жүргізді. Аталымыш дәріс барысында «әйел кісілердің ең қайырлысы» тақырыбы жайында айтылды.

(Дәрісте айтылған хадистің жазбаша нұсқасысы төменде көрсетілген.)

Айша анамыздан (p.a.) риуаят етілген хадисте Пайғамбары-мыз (с.а.у.) былай дейді: «Үмбетімнің әйелдерінің ішіндегі еңжақсысы – бет әлпеті әдемі әрі мәһрлері аз болғандары» (Фәйзул-Қадыр, хадис 4091).

Хадиске түсініктеме:

«Мәһір»: Шариғат қағидасы бойынша ер кісінің болашақ жа-рына неке қияр сәтте беретін, әлде «беремін» деп уәделейтін әрінеке қиюдың дұрыс болу шарттарының бірі болып саналатынақы. Мәһір тұрмысқа шыққалы отырған әйелдің өзіне ғана тиісті.Басқаша айтқанда, бұл ер кісінің әйелге берер сый-сияпаты деседе болады. Мәһірдің көптігіне шек қойылмайды. Бірақ ең азы еркісінің шамасы жететін қандай да бір нәрсе болуы керек. ХазіретіПайғамбар: (с.а.у.) «Мәһірдің абзалы аз болғандығы», деген.

Бұл хадистен тұрмысқа шыққалы отырған бойжеткеннің«мәһір маған берілетін сый-сияпат не сұрасам да өз еркім-де» деп, болашақ күйеуін қиын жағдайға салып қоюы ынсапқажатпайтынын аңғарамыз. Сондай-ақ, некелескеннен кейін де«сіз маған сыйлық алып берем деп уәде бергенсіз, ендеше алыпберіңіз» деп, ер кісінің мазасын ала бермей, есіктен кіргендежылы жүзбен қарсы алып, оның қас-қабағына қарап, отбасын-да ынтымақ-бірлік құруға шақырады. Міне, осындай ынтымақ-бірліктің ұйытқысы болып отырған әйел мұсылман үмбетінің еңқайырлы әйелі деуге болады.  

Хазіреті Пайғамбарымыздың осы тақырыпқа қатысты басқабір хадис шәріпінде: «Бойжеткен қыздың мәһірі мен құрсағыныңжеңіл болуы оның берекелі әйел екендігіне ишарат етеді»  – деген.Яғни, мәһірі аз және үйленгеннен кейін тез құрсақ көтеріп, көпбала табатын әйел берекелі әйел екендігін дәлелдейді. Бұл ха-дисті Пайғамбарымыздан Айша анамыз риуаят еткен.

 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.