Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

«Рамазан тақуалыққа жетелейтін ай» атты тақырыпта уағыз айтылды (фото)

0 1  817

26-сәрсенбі. Астана. /SUNNA.KZ/ Мешітімізде əр сəрсенбі сайын өткізілетін салиқалы уағыз өз жалғасын табуда.

ҚМДБ-ның Астана өкілдігнің тапсырмасымен және Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің Бас имамы Жұманазар Садырхановтың ұйымдастыруымен әр сәрсенбі сайын мешітімізде жамағатқа арнайы дастархан жайылып, білікті мамандармен кездесу өткізу шарасы тұрақты үрдіске айналған болатын.

Осыған орай, ҚМДБ-ның Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі, РАНТ мүшесі, белгілі исламтанушы-ғалым Сансызбай қажы Құрбанұлы Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітіне арнайы келіп, жамағатпен жүздесті. Ақшам намазына жиналған жамағатқа ұстаз Сансызбай Шоқанов дініміздегі «Рамазан тақуалыққа жетелейтін ай» турасында тағылымды уағыз-насихат айтты. Кездесуге 200-ден астам жамағат қатысты.

«Міне, қасиетті айға аздаған күндер қалды. Бәріміз, бұл күллі мұсылман баласына кешірім айы, рақым айы, береке айы болған айды – асыға күтуіміз қажет. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) көзін көрген сақабалар да солай сағына күткен» – деді ұстаз Сансызбай Құрбанұлы.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

 

 

 

 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.