Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

БАС МҮФТИ «ДОН» ҚОРЫМЫНДА Ә.БӨКЕЙХАННЫҢ РУХЫНА ҚҰРАН БАҒЫШТАДЫ (ФОТО)

0 1  501

Серікбай қажы Ораз Ресей мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Равиль Гайнутдиннің ресми шақыруымен Мәскеу қаласына барды.Бас мүфти қаладағы «Дон» қорымын зиярат етіп, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт мақтанышы Әлихан Бөкейхан мен Нығмет Нұрмақұлының рухына Құран бағыштап, дұға жасады.

Қорымды зиярат ету рәсіміне Мәскеуде оқып жатқан қазақ жастары да қатысты. Оларға насихат айтқан Бас мүфти:

«Халқымыздың басынан талай нәубетті замандар өтті. Ұлт қамын қарақан басының мүддесінен жоғары қоя білген кешегі Алаш арыстары еліміз бен жеріміздің ертеңі үшін өзін құрбан етті, шейіт болды. Алла Тағала ел үшін опат болған бабаларымызды өз рақымына бөлегей. Олардың күреске толы өмірі ұрпақ үшін қашан да өшпес өнеге болып қала береді. Аллаға шүкір, олар көре алмай кеткен тәуелсіздікті біз көріп отырмыз. Құдайға шүкір, тәуелсіздік жолында шейіт болғандардың арман-тілегі орындалды. Ендеше, бүгінгі егемен елдің жастары үшін намыс, білімге құштарлық, имандылық сынды мінез бен асыл сипаттар керек. Бүгінгі бейбіт заманның күрескер азаматтары осындай болуы қажет», – деді.

ҚМДБ төрағасы зиратты зиярат еткеннен кейін Мәскеуде оқып жатқан қазақ жастарымен сұхбаттасып, емен-жарқын әңгімелесті.

 

ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.