Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

МӘСКЕУДЕГІ АУЫЗАШАР: БАС МҮФТИ УАҒЫЗ АЙТТЫ (ФОТО)

0 1  781

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Мәскеу қаласындағы «Рамазан шатыры» кешенінде өткен ауызашар рәсіміне қатысты. Қазақ диаспорасының ұйымдастыруымен өткен ауызашар дастарханына Ресей мұсылмандары діни басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Рушан қажы Аббясов, Мәскеу мемориалдық мешітінің имамы Шәміл Аляутдинов, қазақ жастары қатысты, – деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі.

Рухани кеште сөз алған Бас мүфти жиналған жамағатты қасиетті рамазан айымен құттықтап, оразаның қадірі мен маңызы жайлы уағыз айтты.

«Қадірлі жамағат! Баршаңызды өзімнің және Қазақстанның миллиондаған мұсылмандары атынан мерекелі һәм берекелі рамазан айымен құттықтаймын. Оразаның әрбір сәті өте қымбат. Өйткені, қасиетті айда жасалған әрбір қайырлы амалдың сауабы еселеніп жазылады. Ораза – тәрбие мектебі. Күні бойы ораза ұстаған адам түнде құлшылық ету кезінде сабырымен де сыналады. Алла Тағала мұсылманның құлшылықтағы сабырына да сауап жазады. Пенденің өзін күнәлі істерден тосуы немесе ғибадат кезінде сабыр етуі – үлкен сауап. Өйткені, рамазан – сабыр айы. Раббымыз осы айда қате-кемшіліктерімізді кешіріп, берекелі айдың сауабын нәсіп еткей», – деді Серікбай қажы Сатыбалдыұлы.

Ауызашар дастарханында күй тартылып, ғибаратты әндер шырқалды. Қазақ халқының дәстүрі мен әдет-ғұрпы насихатталды.

Кеш соңында Бас мүфти Құран оқып, елдің игілігі үшін дұға етті.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.