Ал ректор кеңесшісі хазірет Ержан қажы Малғажыұлы шәкірттерге білім алудың артықшылығы мен ғалымдардың тиімді тәсілдері жайлы да насихат айтып өтті. Мысырлық араб ұстаздардың атынан сөз сөйлеген ғылым докторы Мұхаммед Хаттаб: «Шынайы білім иесі болғыңыз келсе, ұйқыны азайтып, білімге көңіл бөліңіз, жаттағыңыз келгенді жаза баріңіз,-деп ғұлама ғалымдардың тәжірибесіне де тоқталып өтті.
Жаңа оқу жылына сәттілік тілеген басшылардан кейін Оқу, Тәрбие бөлімдерінің басшылары жаңа шәкірттерге университет тәртібімен таныстырды. Талаптар мен қажеттіліктерге тоқталды. Ең әуелі тәртіп пен білімге деген талпыныс екенін тағы да шегелеп өтті.