Жалғас Сандыбаев еңбек жолын араб тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы болып бастаған. ҚР БҒМ Философия және саясаттану институтында ғылыми қызметкер, Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасының тілдерді дамыту және істерді үйлестіру бөлімінде бас маман, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, «KazIslam.kz» ақпараттық-танымдық порталының бас редакторы, халықаралық «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелдік ғылыми тағылымдамадан өткен мол тәжірибелі маман. Мақалалары мен аударма еңбектері 40-тан астам, 1 монография және оқу-әдістемелік құралы жарық көрген. Әл-Фараби, ибн Рушд, Әбу Хамид Ғазалидің ғылыми трактаттарының үзінділерін аударып, ғылыми сараптама жасаған. Сондай-ақ «Таңдамалы сахих хадистер» 1,2 томдар, «Пайғамбардың көркем мінезі» секілді аудармалар авторы. Мемлекеттік «Мәдени мұра» ғылыми бағдарламасының арнайы жобаларымен де жұмыс істеген.
Сондай-ақ халықаралық қатынастар және маркентинг маманы болып Нұр-Мүбарак университетінде білім алған және Малайзия елінде 6 жыл білім мен тағылымдық тәжірибе жинақтаған Мәжит Жүнісбеков тағайындалды.
Айта кетерлік жайт, университет жанынан Араб тілі және аударма орталығы ашылды.
Жаңа өзгерістер мен тағайындаулардың алдында жаңа міндеттер тұрғанын айтқан проректор Қайрат Құрманбаев университеттің заманға сай білімді де білікті маман дайындауда қызметі жетілдіріле түсетінін жеткізді.
Айша КЕҢЕСБАЙ НҰР-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі