Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Күйеуінің ризалығына бөленген әйел

0 4  650

ҚМДБ аясында «Ислам және отбасы» жылы болып жарияланғаны мәлім, осынау игі бастаманың негізінде, Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде әйелдер жамағатының қатысуымен «Әйелдер тұрғысында 40 хадис және әйел әдебі» атты кітабынан арнайы дәріс өз жалғасын табуда.  Аталмыш дәрісті әйелдер жамағатының ұстазы Әлия Аусағатова жүргізеді. Дәріс барысында әйелдерге арналған «Күйеуінің ризалығына бөленген әйел» тақырыбы жайында айтылды. 

(Дәрісте айтылған хадистің жазбаша нұсқасысы төменде көрсетілген.)

Мағынасы:
Умму Сәламаның (p.a.) риуаят еткен хадисінде ХазіретіПайғамбар (с.а.у.) былай деген: «Қандай да бір әйел, күйеуінің разылығына бөленіп дүние салар болса, жұмаққа кіреді» (Тирмизи,Рида 1161).
Хадиске түсініктеме:
Әйел болсын, еркек болсын әрбір мұсылманның ең үлкенмақсаты Алланың разылығына бөленіп жұмаққа кіру болып табылады. Бізге жүктелген барлық құлшылықты орындау біз-ді жұмаққа жетелейді. Ал өткінші дүниедегі басымызға түскенқайғы мен қиыншылықтар Алланың құзырына тән, күнәсізретінде баруымызға себепші болады. Мұсылман әйелдіңжұмаққа кіруіне себепші болатын бірден бір жолы: Алланың әмірін орындап күйеуінің ризалығына бөлену. Әйел заты үшін Алланың әмірін орындағаннан кейін күйеуінің ризалығынтабу басты мақсат болу қажет. Яғни, әйел заты үшін Алланың ризалығы секілді күйеуінің разылығы да өте маңызды.Әбу Умамәдан риуаят етілген хадисте былай делінген: Бір әйел екі баласын ертіп Хазіреті Пайғамбарымыздың алдынабарады. Ол бір баласын құшағына алып, екіншісін жетектепкеледі. Мұны көрген Хазіреті Пайғамбар (с.ғ.с.) былай дейді: «Әйелдер балаларын қарнында көтеріп жүреді, босанады да оған мейірімін түсіреді. Егер олар күйеуіне бәлекет болып жабыспаса олардың намаз оқығандары жұмаққа кіреді»Күйеуінің ризалығына бөленіп дүние салған әйел жұмаққа кіреді деген сөзден мынаны түсінуімізге болады: Олардыжұмаққа алғашқы болып кіретіндердің қатарына қоса аламыз.Өйткені күнәһар мүминдер тозаққа кірсе де нәтижеде Ұлы Жаратушының кешірімімен жәннатқа кіреді. Ал күйеуінің ризалығына бөленген әйел азаптанбай-ақ жұмаққа қауышады.

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.