Әлем мұсылмандарының ең жиі баратын Сауд Арабиясының Мәдина қаласында 41 мамандықпен айналысуға тыйым салынды. Тыйым шетел азаматтарына қатысты, деп хабарлайды Saudi Gazette.
Тыйым әсіресе туризм секторлары, сауда-саттық салалары, сондай-ақ қоғамдық қызметтерге қатысты салынады. 2019 жылдың сәуір айынан бастап Мәдина қаласындағы барлық үкіметтік емес мекеме жұмысшылары тек Сауд Арабиясы азаматтары болуы тиіс.
Еске сала кетсек, Сауд Арабиясы Корольдігі бұған дейін ел аумағындағы экономикалық секторлардың бірқатар бөлігін «саудияландыру», яғни тек корольдік азаматтарының жұмыс істеуін міндеттеу жүргізілетінін мәлімдеген еді. Пилоттық жоба ретінде сауда-саттық саласы таңдалынып, осы жылдың желтоқсан айынан бастап электроника, электрик және оптика сауда желілеріндегі қызметкерлердің кемінде 70%-ы сауд азаматы болуы міндеттелді.
http://kazislam.kz