Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

ҚАР ТАЗАЛАУ – ҚАУІПСІЗДІКТІҢ АЛДЫ

0 1  399

Астана/ 21 ақпан/ SUNNA.KZ – Мешіт шатыры мен ауласы қардан тазартылды.

Арқаның қысы қатты ежелден. Аязды күндер артта қалып, күн шуағы жадырап көктемнің жақындағанынан хабар бере бастады. Қыс бойы жауған ұлпа қардың қызығын балалар асыр салып ойнап, қызыққа батады. Ауа райының жылынуына байланысты қыс бойы жауған қалың қардың тазалығы күттірмес мәселе.

Астана қаласы «Садуақас қажы Ғылмани» мешітінің шатыры мен ауласын қардан тазарту жұмыстарына мешіт қызметкерлері мен жамағат жұмыла кірісті. Үйілген қарларды арнайы техникалық көліктер арқылы қауіпсіз жерлерге жиналып тасмалдау көліктеріне жүктелді.

Құлшылық ғибадатына келуші жамағатқа ыңғайсыздық тудырмас үшін қыс бойы мешіт ауласы қардан және шатырда қатқан мұздардан дер кезінде тазарту жүргізілді. Алдағы уақытта қыс бойы мешіт ауласы мен абаттандыру алаңдары қардан тазарту жұмыстары үздіксіз жалғаса бермек. Әрине, мұның бәрі ғибадат жасаушыларға құлайсыздық тудырмау. Шатырлардағы қар жібігенде әрі бері өткен адамдарға яки машиналарға түсу мүмкін, сондықтан мұндай шаралар кез келген мекемелерге де жасалуы тиісті жұмыс. Осындай иігі істерге қашанда мешіттеріміз бастама жасауы ләзім.

Sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.