Дүйсенбі, 2 қараша 2026 ж. 22 жұмадөл әууәл 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 05:35
Күн 07:03
Екінті 15:03
Ақшам 16:52
Құптан 18:20
Мақалалар

Абай: Ниет қыла білмейді

4 нау 2022 963 рет оқылды
Абай: Ниет қыла білмейді
Мен жасымнан көп көрдім, Мұсылманды, кәпірді. Абыралыдай көрмедім , Намаз білмес пақырды. Қмраәтін оқытып, Көріп едім, шатылды. Ниет қыла білмейді, Не қылады нәпілді.   Намазшамның артынан, Құржың-құржың етеді. Жерұшық берген адамдай, Тоңқаңдай ма не етеді. Нәпіл түгіл, намазы, Бәрі желге кетеді.   "Еннатайна кәлкаусар" Пашол дереу, күнәкар. Аяғын ойлап айтқаны, "Әні-шәні күләптәр". Осы оқумен намаздың, Қай жерінде сауап бар. Тегін ойлап қарасаң, Мұнда ми жоқ, құлақ бар.

"Абай" академиялық жинағы І том.

sunna.kz