Жексенбі, 1 қараша 2026 ж. 21 жұмадөл әууәл 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 05:33
Күн 07:01
Екінті 15:05
Ақшам 16:54
Құптан 18:22
Мақалалар

Адал астың дұғаның қабыл болуына әсері

19 жел 2024 380 рет оқылды
Адал астың дұғаның қабыл болуына әсері

Бірде Сағд ибн Әбу Уаққас Пайғамбарымыздан (с.ғ.с):

– Уа, Алла Елшісі! Алладан мені дұғасы қабыл болатындардан етсін деп сұрашы? - деп сұрайды.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) оған:

– Уа, Сағд! Адалдан тамақтан, дұғаң қабыл болады, - деп жауап береді.

Иса пайғамбардан да бірі кісі:

– Өсиет айтшы? - деп сұрағанда:

– Наныңның қайдан келіп жатқанына қара! - деп айтқан екен.

Адал астың дұғаның қабыл болуына әсері жайлы «Ішкені – арам, кигені – арам, жегені – арам, дұғасы қайдан қабыл болсын?!» деген мағынадағы танымал хадистен де байқауға болады.

Арам ас, арам мал дұғаға кедергі болады. Алдап сатып тапқан малың – арам. Өтірік толтырып берген қағазың – арам. Жұмыста ештеңе істемей, отырып қайтқаның – арам.

Дұғаң қабыл болмай жатса, жегеніңе қара! Астарыңды, жейтіндеріңді адалынан қылшы, сосын дұғаларың таң рауандап атқандай қабыл бола береді!

материал Аслан Орақбаевтың «Компас» кітабынан алынды,

sunna.kz