Жұма, 11 қыркүйек 2026 ж. 29 рабиғул әууәл 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Күн 05:38
Бесін 12:16
Екінті 16:42
Ақшам 18:43
Құптан 20:13
Мақалалар

Алланың көріп тұрғанын біліп, қалайша күнә жасайсың?

11 ақп 2025 821 рет оқылды
Алланың көріп тұрғанын біліп, қалайша күнә жасайсың?

Бірде бір жігіт Ибраһим ибн Адхамға* (р.а.) келіп: «Мен қанша тырыссам да күнә жасамай жүре алмаймын, не істесем болады?» деп сұрайды. Ибраһим ибн Адхам (р.а.): «Қазір мен айтатын мына 5 нәрсенің тым болмаса біреуін орындай алсаң, күнәні қалағаныңша жасай беруіңе болады» дейді:

- Бірінші. Егер сен күнә жасайтын болсаң, Алланың берген ризық-несібесінен тамақтанба.

- Аллаға тиесілі емес ризық-несібені қайдан табамын, егер бұл өмірде барлық нәрсе Алланың құзырында болса?

- Олай болса, Жаратушының берген ризық-несібесін жеп отырып қалайша сен күнә жасайсың, қалайша Оны тыңдамайсың?

- Екінші. Егер сен күнә жасағың келсе, Ол көрмейтін жерге кетіп қал.

- Бірақ, барлық нәрсе Алланың бақылауында ғой. Қалайша Ол көрмейтін жерге кете алам? - дейді жігіт.

- Олай болса, Алланың көріп тұрғанын біле тұра, қалайша күнә жасайсың?

- Үшінші. Әзірейіл (ғ.с.) жаныңды алуға келгенде одан жасаған күнәларың үшін өкініп, тәубе етуге аз ғана уақыт бере тұруын сұра.

- Ол мүмкін емес, өлім періштесі ешкімге уақыт бермейді…

- Олай болса, Әзірейіл (ғ.с.) жаныңды кез келген сәтте алатынын, тәубе етуге уақыт бермейтінін біле тұра қалайша күнә жасайсың?

- Төртінші. Періштелер сені тозаққа алып бара жатқанда ол жаққа барудан бас тарт. Осы сөздерден кейін жігіт егіліп жылап жібереді…

*Ибраһим ибн Адхам - VIII ғасырда өмір сүрген сүннит ғалымдарының бірі (м 718-781 ж). Білімімен қоса, аса тақуалығымен танымал болған. Одан Суфянус Саури сынды хадисші ғалымдар хадис риуаят еткен. Имам Нәсәи оған байланысты: "Сиқа. Сенімді. Зәһидтердің бірі" деп баға берген. (әз-Зәһәби.  "Сияру аъләми ән-Нүбәлә".)

материал «Ғибратты оқиғалар» кітабынан алынды, 

sunna.kz