Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Екінті 17:55
Ақшам 20:35
Құптан 22:22
Мақалалар

Алланың нығметімен Алланың пенделеріне тәкаппарлық жасама

16 қаң 2025 468 рет оқылды
Алланың нығметімен Алланың пенделеріне тәкаппарлық жасама

Бірде Пайғамбарымыз (с.ғ.с) сахабаларымен сұхбаттасып отырғанда бір кембағал кісі кіріп келеді де ауқатты біреудің қасына жайғасады. Әлгі ауқатты шапанын кембағалдан тартып қалады. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с)  өңі өзгеріп:

– Байлығың оған көшіп, кембағалдығы саған өтіп кетеді деп қорықтың ба?

– Уа, Алла Елшісі! Байлық жаман ба?

– Иә! Сенің дүниең өзіңді тозаққа, оның кембағалдығы оны жәннатқа шақыруда.

– Мені ол жақтан не құтқарады?

– Оны жұбат!

– Істеймін, уа, Алла Елшісі! - дегенде әлгі кембағал:

– Жоқ, керек емес! - дейді.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) ауқатты кісіге қарап тұрып:

– Истиғфар айтып, бауырыңа дұға ет! - дейді.

Байлық, мансап, оқығандық – айып емес. Айып – бәрін кембағал көру, бәрін төмен санау, бәрін сауатсыз деп ойлау. Алланың нығметімен Алланың пенделеріне тәкаппарлық жасама...

материал Аслан Орақбаевтың «Компас» кітабынан алынды,

sunna.kz