Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Екінті 17:55
Ақшам 20:35
Құптан 22:22
Мақалалар

Алланың нұсқауы

17 сәу 2023 848 рет оқылды
Алланың нұсқауы

Пенде Пайғамбарымыз (Ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салып кеткен сара жолмен жүрмейінше, ешқашан бақыт тауып, оның нығметіне  бөлене  алмайды.  Бақыт  өзі  тура  жолды  ұстай  білген  адамға  берілмек.

Ол  бұл  жолда жақсы нәтижеге жететініне көңілі сенеді, тағдырына иланған, Раббысының белгілеген уақытына дейін өмір сүретінін  біледі  және  Алланың  жазған  тағдырына разы.

Өзін туралыққа бастайтын Жаратушысының бар екеніне сенеді. Осы жолда жүрген пенде орынсыз сөз сөйлеуден сақтанады. Адасқандарға ермейді. Қарсы келгендерге сөзімен дәлел айтады.

Шайтанның арбауынан, басқалардың кедергілерінен және адамдардың қателерінен  қорғалады.  Алла  ол  жайлы  «Рағыд» сүресінің  11-аятында:

«Әркімнің  алды-артынан Алланың  әмірі  бойынша  қадағалап  қорғаушы (періштелер) бар», - деген.

Міне, пенде осы жолда жүруі арқылы бақыт таппақ. Өйткені ол өзінің құдайы бар екенін біледі. Алдында үлгі тұтар адам, қолында Кітабы, жүрегінде иман нұры, қасында өзін жамандықтан тыятын достары бар.

Осылайша ол Нағим жәннатына бет алып, тағаттана амал етіп, игі істерге құлшынады. Алла тағала «Әнғам» сүресінің 88-аятында:

«Алланың нұсқауы осы. Құлдарынан кімді қаласа, тура жолға салады», - дейді. Егер адам тура жолға түсіп, сонымен жүре білсе қайғы-мұңы, уайымы кетеді.

«Үміт сәулесі» кітабынан алынды.

sunna.kz

#Үміт сәулесі