Жұма, 11 қыркүйек 2026 ж. 29 рабиғул әууәл 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 04:07
Күн 05:38
Бесін 12:16
Екінті 16:42
Ақшам 18:43
Мақалалар

Алланың разылығынан басқа нәрсеге жұмсағаның – ысырап

24 жел 2024 476 рет оқылды
Алланың разылығынан басқа нәрсеге жұмсағаның – ысырап

Жалпы алғанда, ысырап – адамның кез келген ісінде немесе сөзінде шектен шығуы, дегенмен бұл әрекет көбіне шығын жасауда байқалады. Ысырап тек жамандыққа ғана емес, жақсылыққа да қатысты болуы мүмкін.

 

Мысалы, бар мал-мүлкін садақа ретінде түгел таратып жіберу де ысырап болып саналады. Бұл жөнінде Алла Тағала Құранда былай дейді: «Егіннің өнімін жинаған күні оның хақысын беріңдер және ысырап етпеңдер. Алла ысырап етушілерді жақсы көрмейді» («әл-Анғам» сүресі, 141-аят).

Ысырап тек байлардан ғана емес, кедейлерден де болуы мүмкін, өйткені ол – салыстырмалы ұғым. Ысырап кейде мөлшерден, кейде сападан асып кету арқылы байқалады. Осыған байланысты Суфиян әс-Сәури (р.а.) былай деген: «Алланың разылығынан басқа нәрсеге жұмсағаның – ысырап».

Ысырап, тіпті аз мөлшерде болса да, шектен шығуды білдіреді. Бұл туралы Ибн Аббас (р.а.) былай деген: «Кім бір дирхамды рұқсат етілмеген нәрсеге жұмсаса, ол исраф болып табылады».

материал «Ысырап индикаторы» кітабынан алынды,

sunna.kz