Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Екінті 17:55
Ақшам 20:35
Құптан 22:22
Мақалалар

Алланы жақсы көресің бе, жоқ па, соны білудің әдісі

28 сәу 2026 344 рет оқылды
Алланы жақсы көресің бе, жоқ па, соны білудің әдісі

Біліңдер, барлық адам «Мен Алланы жақсы көремін немесе дүниелік нәрседен артық жақсы көремін» дейді. Дүниедегі барлық адам тілімен осылай айтады. Дегенмен мұны тексеретін және анықтайтын нәрсе бар, ол сол арқылы білінеді.

Бұл былай: бір адамға құмарлығы мен нәпсісі бір нәрсені бұйырса, ал Алланың жіберген шариғаты бұған керісінше болса, яғни жүрегінің Алланың бұйрығына қарай бұрылғанын, жақындағанын көрсе, ол Алланы сүйеді деген сөз.

Мысалы, екі адамды жақсы көретін адам олардың бірін артығырақ жақсы көрсе, араларында бір қайшылық туындаған кезде өзін қаттырақ жақсы көретін адамның жағынан табады да, оны қаттырақ жақсы көретінін солай түсінеді. Егер жағдай осылай болмаса, тілмен Алланы жақсы көрем деп айтудың ешқандай пайдасы жоқ. Себебі ол сөз өтірік болады.

материал Имам Ғазалидің «Бақыт формуласы» кітабынан алынды,

sunna.kz