Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Екінті 17:55
Ақшам 20:35
Құптан 22:22
Мақалалар

Ата тұрып ұл сөйлесе…

26 шiл 2022 892 рет оқылды
Ата тұрып ұл сөйлесе…

Сырым жиырма алты жасында бір жолдасымен Нұралы ханның үйіне барса, хан Қараман Тана Малайсарымен сөйлесіп отыр екен.

— Балалар, аман ба? - депті де, елемей, өздері сөйлесе беріпті.

Сырым Жолдасына дауыстап:

— Жүр, кетейік, бұлар бізді адам деп отырған жоқ қой, - дейді.

Сонда Малайсары жалт қарап:

— Ата тұрып, ұл сөйлегеннен без,

Ана тұрып, қыз сөйлегеннен без.

Сырнайдай сайраған мына бала кім еді? - дейді.

— Ата тұрып, ұл сөйлесе, ержеткені болар,

Ана тұрып, қыз сөйлесе, бойжеткені болар.

Ата балаға кесір болса, кері кеткені болар, - дейді Сырым.

— Сен толған екнсің, мен тозған екенмін, - деп, Малайсары сонда Сырымды қасына шақырған екен.

”Қазақ философиясы” кітабынан

Sunna.kz