Дүйсенбі, 26 қазан 2026 ж. 15 жұмадөл әууәл 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Күн 06:51
Бесін 12:03
Екінті 15:15
Ақшам 17:05
Құптан 18:32
Ғибрат

Ақберен Елгезек: Мінәжәт

7 қар 2023 1 007 рет оқылды
Ақберен Елгезек: Мінәжәт
Тұра берсін жерім аман, тауым да аман; Аман жүрсін досым да, жауым да аман; Адам түгіл, шөптер мен жәндіктердің, Қиналғанын сезіну - ауыр маған... Көңілім бар ешкімге тарылмаған, Аман болсын жат адам, бауыр да аман, Адам түгіл, тұп-тұнық мына аспаннан, жұлдыз ағып құласа - ауыр маған... Шаршасам да қуатты дауылдардан, Жауындардан беймезгіл сауылдаған. Бәріне де көнер ем, тек сәбидің, Жаутаңдаса жанары - ауыр маған... Далам да аман тұрса екен, бауым да аман, Қалам да аман тұрса екен, ауыл да аман. Бір адамның өлгенін естіп қалу - Өзім өліп қалғаннан ауыр маған. Өткереді не зұлмат, құйынды адам, Елім аман болсыншы, үйім де аман. Мына сұлу ғаламды сақта, Құдай, Сол болсыншы беретін сыйың маған!