Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Бесін 12:19
Ақшам 20:35
Құптан 22:22
Ел мешіттері

Ақмола: Қыздар арасында Құран жарысы өтті

11 қар 2022 806 рет оқылды
Ақмола: Қыздар арасында Құран жарысы өтті

Ақмола облыстық «Науан Хазірет» мешітінде ҚМДБ Әйел-қыздар секторының өңірдегі өкілдігінің ұйымдастыруымен қасиетті Мәуліт мерекесіне орай қыздар арасында Құран жарысы өтті.

32 қатысушы бақ сынаған жарыс «30-пара» және «Духә-Нәс» аталымдары бойынша ұйымдастырылып, қыздардың махражы, тәжуиді, жаттау қабілеті жан-жақты бағаланды.

Жарыс қорытындысына келсек, 30-параны жатқа оқудан Степногорск қаласынан келген Сандуғаш Жанбатырқызы үздік деп танылса, Көкшетау қаласының тұрғыны Данель Болатқызы жүлделі 2-орынды иеленді. Ал тағы бір көкшетаулық Ихатайқызы Ақкербез ІІІ орынды місе тұтты.

«Духә» мен «Нәс» сүрелері аралығында жатқа айтудан Көкшетау қаласының тұрңыны Шапағат Азаматқызы жеңімпаз атанса, облыс орталығының тағы бір тұрғыны Зайтун Болатқызы 2-орыннан көрініп, Қараөткел ауылынан келген Сағынтайқызы Құрманкүлге 3-орын бұйырды.