Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Бесін 12:19
Ақшам 20:35
Құптан 22:22
Жаңалықтар

Бас мүфти Әбу-Даби форумының, Пәтуа кеңесінің төрағасымен кездесті

11 қар 2022 807 рет оқылды
Бас мүфти Әбу-Даби форумының, Пәтуа кеңесінің төрағасымен кездесті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Біріккен Араб Әмірліктеріне барған сапарында Әбу-Даби бейбітшілік форумының, Біріккен Араб Әмірліктері Пәтуа кеңесінің төрағасы Абдулла ибн әш-Шейх әл-Махфуз ибн Бәййамен кездесті.

Наурызбай қажы Тағанұлы Абдулла ибн әш-Шейх әл-Махфуз ибн Бәййаға халықаралық конференцияны жоғары деңгейде ұйымдастырғаны, айтулы басқосуға қазақстандық делегацияны шақырғаны үшін алғысын жеткізді.

Басқосуда бүгінде жер бетіне бейбітшілікті орнатудың маңызы сөз болды. Тараптар осы бағытта Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі мен Әбу-Дабиде тұрақты түрде ұйымдастырылатын бейбітшілік форумының маңызын атап өтті.

Кездесу соңында тараптар рухани саладағы әріптестік байланысты нығайтуға уағдаласты.