Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Екінті 17:55
Ақшам 20:35
Құптан 22:22
Мақалалар

Балаларын таныған әке

2 там 2022 961 рет оқылды
Балаларын таныған әке

Асаубай ел аралап жүріп бір топ жиынға кездесіпті. Бұл кезде шешендіктен Асаубайдың аты шығып, орта жастан асқан кезі болса керек.

Әлгі көптің ішінде біреуі: "Сыртыңыздан дабысыңызға қанық, жүзіңізге танық едік. Өзіңізге тартқан ізбасар жақсы балаңыз бар ма?", - деп сұрапты. Сонда Асаубай:

Бір балам бар Қамбар,

Шығар-шықпас жаны бар.

депті.

Бір балам бар Райыс,

Иі жетпеген қайыс.

Бір балам бар Біләл,

Азғана қажығалының баласын танып,

Өзім жоқта дәм беріп,

Аттандырар

деген үмітім бар, - депті.

Балаларын таныған әкенің сөзі болса керек.

"Қазақ халқының философиялық мұрасы" кітабынан

sunna.kz