Сейсенбі, 28 шілде 2026 ж. 14 сафар 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 02:27
Күн 04:28
Бесін 12:26
Ақшам 20:13
Құптан 22:14
Мақалалар

Балқы Базар жырау: Көзіңді жұмып, ашқандай

30 сәу 2024 1 399 рет оқылды
Балқы Базар жырау: Көзіңді жұмып, ашқандай

Жақсы менен жаманның Арасы жер мен аспандай. Байқарсың бір күн, басыңа Іс түскен кезде, сасқанда - ай Мырза менен сараңды - Өлшестіріп қарасаң, Ылди мен зәулім асқардай. Ғалым менен наданды - Салыстырсаң білерсің, Дария шіреп тасқандай. Әр нәрсенің осындай, Алғандарға парқы бар, Қадірін білсең, мысалы, Кәрілік пен жас қандай? Өздеріңдей жақсының Оңай емес алдында Татаусыз сөзді табуға, Кібіртіктеп жасқанбай. Топқа кисе толымды, Тозбайтын бектік тоңдайсың, Мен сендерге - астардай. Ойдағы менен қырдағым, Қуан менен Сырдағым, Қуанып бүгін отырмын, Есен - сау басты қосқанда - ай! Опасы жоқ дүниенің Өлшеулі өмірің таусылса, Өте шығад бір күні Көзіңді жұмып, ашқандай.

"Иман" журналы 2018 ж. №4 санынан алынды.

sunna.kz

#Балқы Базар жырау