Сенбі, 12 қыркүйек 2026 ж. 1 рабиғул ахир 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 04:09
Күн 05:39
Бесін 12:16
Екінті 16:40
Ақшам 18:41
Жаңалықтар

Бас мүфти Алматы имамдарына дәріс өткізді

24 ақп 2022 1 227 рет оқылды
Бас мүфти Алматы имамдарына дәріс өткізді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласына жасаған ресми сапары барысында Нұр-Мүбарак университетінде имамдарға «Дағуат әдістері» тақырыбында дәріс берді.

Имамдарға насихат айтудың тәсілдерін жан-жақты түсіндірген Бас мүфти: «Өздеріңіз жақсы білесіздер, жыл басында мен барша дін қызметкеріне бағдарлық баяндамамды жолдадым. Осы бағдарлық баяндамамда имамның қоғамдағы рөлі мен орнын айрықша атап өттім. Өйткені имам – қоғамды тәрбиелеуші, ағартушы тұлға. Отаншыл, еңбексүйгіш, аманатқа адал, ата-анасын қадірлейтін иманды ұрпақ тәрбиелеуде имамның атқаратын рөлі ерекше. Халқымыздың рухани дамуына, қоғамда отбасы құндылығының артуына ағартушы ұстаздар мен дін қызметкерлері үлкен үлес қосып келеді. Имамдардың жан-жақты, білімді болуы – заман талабы. Дін қызметкерлері мықты уағызшы болуымен қатар, үнемі ізденіс үстінде жүріп, салауатты өмір салтын сақтап, сүннет жолынан таймауы тиіс» деп атап өтті.