Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Екінті 17:55
Ақшам 20:35
Құптан 22:22
Жаңалықтар

Бас мүфти елордалық қажыларды шығарып салды

4 шiл 2022 1 161 рет оқылды
Бас мүфти елордалық қажыларды шығарып салды

Асыл дініміздегі бес парыздың бірі – қасиетті қажылық сапарын өтеуге аттанған елордалық қажылардың соңғы легі Нұр-Сұлтан әуежайынан ұшып шықты.

Қасиетті мекенге бет алған қажыларымызды шығарып салу рәсіміне ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысып, ақ жол тіледі.

Қазақы дәстүрге сай қажыларға құрмет көрсету мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласы дін істері басқармасының басшысы Нұрдәулет Иманәліұлы, Сауд Арабия Королдігінің Ислам істері жөніндегі жауапты өкілі Абдул Ходир Низар және «Назарбаев» халықаралық әуежайының төрағасы Ғабит Қалиұлы қатысып, ізгі тілегін білдірді.

Қасиетті Құран аяттарымен ашылған сауапты шара аясында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қажылық парызын өтеуге аттанып бара жатқан отандастырымызға ұлық сапар қажылықтың хикметі және Арафа тауында атқарылатын амалдар жайлы айтып, қасиетті мекенде еліміз бен жеріміз үшін де дұға жасауға шақырды.

#қажылық